Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
— Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын, — делінген құжатта.