🌐 Әлем

Луврді тонаған күдіктілердің екеуі Париж полициясы қолына түсті

Парижде 19 қазанда бірнеше минуттың ішінде дүниежүзіне танымал Лувр мұражайын тонаған күдіктілердің екеуі полиция қолға түсті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Franceinfo-ға сілтеме жасап.

 

Мәліметке сәйкес, күдіктілердің бірі әуежайда ұсталған, ол Алжирге ұшуға дайындалып жатқан. Екінші күдікті Париждің маңындағы қала сыртынан табылды. Бұлайша, әлі де іздеуде қалған тағы екі күдікті бар.

 

19 қазан күні күдіктілер скутерлермен Луврге жетіп, сыртқы жүк лифті арқылы терезелерді бұзып кірген.Мұражай ішіне кірген соң олар Наполеон мен императрица Жозефинаның коллекцияларынан қымбат әшекей бұйымдарды ұрлап, оқиға орнынан іздерін жойған. Ұрлықтан келтірілген шығын шамамен 88 миллион евро деп бағаланды.

 

Басылымдардың хабарлауынша, Луврдің бір күзетшісі күдіктілермен сөз байласып, қауіпсіздік жүйесіндегі олқылықтар туралы ақпаратты берген болуы мүмкін. Бұл деректер күдіктілерге мұражайға кіруді жеңілдеткен.

 

Франция Президенті Эммануэль Макрон бұл оқиғаны «елдің тарихи мұрасына жасалған шабуыл» деп атады. Ал Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Луврді тонауды «бұрынғы ұлы Францияның құлдырауының белгісі» деп атап, ұрланған қымбат бұйымдарды сатып алуға дайын екенін мәлімдеді.Қазір полиция іздеуде қалған екі күдіктіні де ұстауға бағытталған жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Барлық жаңалық