Жаңалықтар

Лудоманиямен күрес: Елімізде 460 мыңнан астам адам өз-өзіне шектеу қойған

Лудоманиямен күрес: Елімізде 460 мыңнан астам адам өз-өзіне шектеу қойған

Қазақстанда жарты миллионға жуық азамат өз еркімен құмар ойындардан бас тартты. "Электронды үкімет" (eGov) порталы арқылы азарттық ойындарға қатысуды шектейтін қызметті 463 829 адам пайдаланған. Қазіргі таңда оның ішіндегі 224 793 шектеу әлі де күшінде, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов лудоманиямен, яғни құмар ойынға тәуелділікпен күрес шаралары туралы баяндамасында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда қарызы бар азаматтарға, мемлекеттік қызметкерлерге, әскерилер мен күш құрылымдарының өкілдеріне бәс тігіп, құмар ойын ойнауға заң жүзінде қатаң тыйым салынған.

Бұған қоса, букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеулер енгізіліп, құмар ойындарды насихаттайтын SMS-хабарламалар таратуға толықтай тыйым салынды. Сонымен қатар, азаматтардың өз еркімен шектеу қою мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды.

Билік өкілдерінің мәліметінше, интернет кеңістігінде де ауқымды тазарту жұмыстары жүріп жатыр. «Киберқадағалау» жүйесінің көмегімен 55 мыңнан астам заңсыз интернет-казино бұғатталды. Одан бөлек, ел көлемінде букмекерлік компаниялардың 2 мыңнан астам жарнамалық тақтасы мен конструкциясы бөлшектеліп, алынып тасталды.

Барлық жаңалық