Шоу-бизнес

"Күтпеген еркек есігімді қақты": Мөлдір Мұқанова жағдайын сұраған жігіт жайлы (ВИДЕО)

"Күтпеген еркек есігімді қақты": Мөлдір Мұқанова жағдайын сұраған жігіт жайлы (ВИДЕО)

Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқанованың тойлардың бірінде Хантөре есімді жігіт туралы айтқан әзілге толы видеосы тарады, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Бейнежазбада өнер иесі үлкен тойлардың бірінде достары мен жақындарының ортасында қызықты оқиғамен бөліскен. Оның айтуынша, Хантөре сөз саптауы салмақты, мақалдатып сөйлейтін, көзге тура қарап әңгімелесетін жігіт екен.

Әншінің сөзінше, бір күні ол үйіне арнайы келіп, Мөлдірдің жағдайын сұраған. «Мені жас көрінді ме екен, “апай” не “тәте” демей, бірден атыммен атады», – деп әзілдейді продюсер.

"Ол кезде үйде өзім жоқ едім. Мөлдірдің жағдайы жақсы ма? Сұхбатын көріп мұңайып қалдым деп айтыпты", - деді Мөлдір ханым. 

Сондай-ақ ол күтпеген адамдардың өзі халін біліп, есігін қағып жатқанын қалжың араластыра айтып, жиналған көпшілікті күлкіге қарық қылды.

"Жағдайымды сұрап, есігімді қаққан еркек қой. Күткен еркек емес, күтпеген еркектер жағдайымызды сұрап, есігімізді қағып жатыр",  - деді продюсер. 

Барлық жаңалық