Алматы облысы

«Күртесі –1 млн 400 мың теңге»: Павлодар облысы әкімінің киімі желіде талқылануда

«Күртесі –1 млн 400 мың теңге»: Павлодар облысы әкімінің киімі желіде талқылануда

Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов желіде қымбат сыртқы киімімен назар аударды. Оzgeris.info порталының хабарлауынша, әкімнің пальтосы мен күртесінің жалпы құны 1 миллион теңгеден асады.

 

Желі қолданушысының жазуынша, әкімнің киімдерінің бағасы төмендегідей:Moorer пальтосы – 2 115 еуро, яғни шамамен 1 273 000 теңге;Enrico Mandelli күртешесі – 1 479 000 теңге.

 

Желі қолданушысы бұл жағдайға пікір білдіріп:

 

«Павлодарлықтар, сіздер әдеттегідей әкімдерді қорғап шығасыздар ма? “Ол жеке секторда жұмыс істеді”, “жалақысы жақсы” деп айтасыздар. Бірақ бәріміз білеміз, Қазақстандағы әкімдер кейде долларлық миллионерлер», – деп жазды.

 

Алайда облыс тұрғындары әкімнің киіміне емес, қызметіне мән бергендерін айтып, оны қорғады:

 

«Бізге оның не киетіні маңызды емес, бастысы – ол мәселені шешеді және облыс үшін бәрін істейді»;«Ол әкімдікке бизнес саласынан келген. Фермерлер жақсы табыс табады. Сондықтан қымбат киім киюі түсінікті»;«Мемлекеттік қызметкер болса, киіне алмай ма? Мүмкін бөліп төлеп алған шығар. Бастысы, адам облысы үшін бәрін істейді», – деп пікір білдірген.

 

Барлық жаңалық