Министр сәбиін арқалап, курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Желіде қолында сәбиі бар курьер әйелдің суреті тарап, қызу талқыға түсті.
Еңбек министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, курьер келіншек жалғызбасты ана емес. Оның жолдасы бар. Екеуі Шымкенттен Алматыға көшіп барған.
"Біз ол отбасыны зерттеп шықтық. Баланың әкесінде IT мамандығы бойынша жоғары білім бар. Ал келіншегі техникалық мамандық бойынша оқыған. 19 мамырда олар Алматыға келген, сол жерде өз бетінше тырысқан. Бірақ біз осылай көшіп баратын жастарға алдымен мансап орталықтарына баруға кеңес береміз. Сол жерде жұмыс ұсынады", – деді Ертаев.
Министрлік келіншекті жұмысқа алған курьерлік қызметке де хабарласқан.
"Оны баламен бірге жұмысқа қалай шығарған? Бізді осы мәселе мазалайды. Олар уақыт сұрады, келесі аптада тағы сөйлесеміз. Негізі нақты тәртіп болуы керек", – деді министр.