Қырғызстанның Ош облысында күйеуі соққыға жықты деген күдікке ілінген 37 жастағы әйел ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ош облыстық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 1989 жылы туған Н.Г. есімді әйел 17 тамызда басы, беті және денесінің басқа да бөліктерінен жарақат алып, Қара-Құлжа аудандық ауруханасына жеткізілген.
Құқық қорғау органдарының алдын ала нұсқасы бойынша, әйелді 48 жастағы күйеуі ұрып-соққан болуы мүмкін. Осыған дейін әлеуметтік желілерде марқұмның денесіндегі ауыр жарақаттарды көрсететін видео тараған. Жазба қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің наразылығын тудырған.
Бастапқыда куәгерлердің берген түсініктемелерінде қарама-қайшылықтар болған. Осыған байланысты іс Қырғызстан Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша тіркелген.
Алайда 29 тамызда дәрігерлер әйелдің қайтыс болғанын хабарлаған.
Қазір оның нақты неден көз жұмғанын және денесіндегі жарақаттардың өлімге қаншалықты қатысы бар екенін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Тергеу аяқталғанша құқық қорғау органдары әйелдің өліміне күйеуінің әрекеті себеп болғанын нақты растап отырған жоқ. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.