Танымал әнші Өктем Алтаев екінші қызын ұзатты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Кешке танымал өнер жұлдыздары жиналған. Олардың ішінде Сәкен Майғазиев, Гүлзира айдарбекова мен Нұртас Айдарбековтер де бар.
Аружан есімді қызын Гүлзира Айдарбекованың өзі ұзатты.
"Гүлзира әпке папамның жалғыз қыз досы. 20 жыл достық. Бұрын Қайрат Нұртас аға студент кезде үйге келетін, мені сабақтан алып кеткен кездері де болды", - деп жазды әншінің ұлы Бағжан Октябрь.
Өнер иесі қарындасын қимай жылап қалған.
Айта кетейік, Аружан Тараздық жігітке тұрмысқа шықты. Күйеужігіт те композитор, домбырашы.