Танымал әнші Әли Оқапов үлкендерге құрмет көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесінің жары Ақерке Бүркітбай желідегі парақшасында күйеуінің үлкендердің қолына су құйып жатқан сәтімен бөлісіп, алғысын айтты.
«Жап-жаңа құдамыз Ғаділбек Жанайдың сторисын осылай лентамда сақтап, жан жарыма үлкен алғыс білдіргім келіп тұр. Атыраудың салтын сақтап, маған қолдау көрсетіп, күйеу бала рөлін керемет атқарып, үлкендердің батасын алып қайттық», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына сүйсініп, жақсы пікірлерін қалдырды.
«Бата алған адам жаман болмайды», «Бұл Розаның тәрбиесі», «Керемет көрініс, жастарға үлгі», «Жарайсың, өте тәрбиелі бала», «Сырттан қарап-ақ ақ батамды беріп отырмын»,– деп жазды көпшілік.