
Редакцияға келген көршісі көзбен көрген сұмдық оқиғасын бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Белгілі болғандай, қылмыскердің үш баласы бар, және келіншегі төртінші сәбиіне аяғы ауыр. Айта кететін жайт, марқұм қыздың әкесі де 15 жыл бұрын кісі қолынан қаза тапқан. Іс сол күйі қаралмаған. Ашынған қыз мектеп бітірген соң тергеуші боп қызмет еткісі келген. Арманы сол болған…30 жастағы ер адам Келес ауданының бұрыннан бері келе жатқан тумасы болып шықты. Ауылдастарының барлығы таниды. Айтуынша, сол күні ішімдік ішкен. Бірақ егізі Абылайдың сөзінше, Абай “анаша” шеккен.