Шоу-бизнес

Концерттері тоқтаған Нұрлан Сабуров Дубайдағы чемпионатта көзге түсті

Қазақстандық комик Нұрлан Сабуров бокстан IBA нұсқасы бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысу үшін Дубай қаласында жур екені мәлім болды деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Осымен қатар Ресейде әзілкештің концерттері тағы да тоқтатылды. Рязань қаласында 10 желтоқсан күні Рязан мемлекеттік агротехнологиялық университетінің Мәдениет сарайында өтуі тиіс болған Нұрлан Сабуровтың концерті өтпей қалды. Ұйымдастырушылардың ресми хабарламасында іс-шара «күтпеген кедергі келтірген себепке байланысты» кейінге шегерілгені айтылғанымен, нақты мән-жайы жария етілмеді.

 

Айта кетейік, бұл Сабуровтың Ресей қалаларындағы концерттерінің алғаш рет тоқтатылуы емес. Бұған дейін оның өнер көрсетуі Обнинск, Нижневартовск және Екатеринбург қалаларында да өтпеген болатын. Комиктің менеджері көрермендер сатып алған билеттердің толық қайтарылатынын мәлімдеді.

Барлық жаңалық