Жаңалықтар

Көлік вице-министрі пара алу күдігіне ілінді

Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевке қатысты пара алу күдігі жайлы ақпарат тараған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Құқық қорғау органдарының оған қатысты тергеу жүргізіп жатқаны туралы деректер бар. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ. Tengrinews.kz редакциясы мемлекеттік органдарға сауал жолдағанымен, ҰҚК мен Көлік министрлігі әзірге түсініктеме берген жоқ. Tengrinews.kz-тің дереккөзі вице-министрдің күдікке ілінгенін растағанымен, қосымша ақпарат ашпады.

 

Сатжан Аблалиев 2023 жылдың қазан айынан бері Көлік вице-министрі болып қызмет етіп келеді. Бұған дейін ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.

Барлық жаңалық