Ақмола облысының Көкшетау қаласында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, төтенше жағдай қызметкерлері 17 адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Оzgeris.info.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт тұрғын үйдің электр қалқанында тұтанған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жалынды 6 шаршы метр аумақта қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірді.
Кіреберістің қалың түтінге толуына байланысты ТЖМ өрт сөндірушілері үш буынды сатыны пайдаланып, тұрғындарды терезе арқылы эвакуациялаған. Құтқарылғандардың арасында бес бала бар.