Көкшетау қаласында төтенше жағдайға шыққан өрт сөндіру көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Апат 7 маусымда сағат 23:00-де Көкшетаудағы Абай және Пушкин көшелерінің қиылысында болды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік төтенше жағдайға өрт сөндіру көлігі шамдары мен сиренасын қосып шыққан.
- Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу басталды. Ақмола облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысушылардың әрекеттеріне белгіленген заңды рәсімдерге сәйкес құқықтық баға береді, - деп түсіндірді ведомство.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз өрт сөндіруші көліктің Hyundai Solaris көлігімен соқтығысқанын нақтылады.
Жол-көлік апаты салдарынан Hyundai Solaris жүргізушісі мен жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Полиция қазіргі уақытта тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, деп түсіндірді полиция.