Ақмола облысы

Көкшетауда көп қабатты үй өртенді: 12 адам құтқарылды

Көкшетауда көп қабатты үй өртенді: 12 адам құтқарылды

Көкшетауда жылу трассасынан шыққан өрт көпқабатты тұрғын үйдің екі қабатына тарады, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты КазТАГ сайтына сілтемемен.

 

Министрлік мәліметінше, оқиға бүгін Саин көшесінде болған.

«Көкшетау қаласында жылу трассасының қаптамасы өртеніп, от тұрғын үйдің бірінші және екінші қабатындағы пәтерлердің балконына тараған», – делінген жексенбі күні таратылған хабарламада.

 

Оқиға орнына МЧС өрт сөндірушілері жедел жеткен.

 

«Келіп жеткен кезде жоғарғы қабат тұрғындарына қауіп төнгені анықталды. Өрт сөндірушілер дереу барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Олардың кәсіби әрі батыл әрекетінің арқасында түтін басқан кіреберістен 12 адам, оның ішінде екі бала құтқарылды. Өрт қысқа мерзімде сөндіріліп, көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді», – делінген хабарламада.

Барлық жаңалық