Көкшетауда жоғалып кеткен 4 жасар бала ашық тұрған кәріз құдығына құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
8 қазанда баланың жоғалғаны туралы хабар тараған. Ол Көкшетаудағы Әшимов көшесіндегі үйден шығып кеткен. Іздеу жұмыстарына полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылды. Хабарландыруда баланың дұрыс сөйлей алмайтыны көрсетілген.
Ақмола облысы полициясының мәліметінше, баланың денесі ашық тұрған құдықтан табылған. Алдын ала тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.