Жаңалықтар

Kizdar.net ісі: халықаралық іздеудегі топ-менеджер Грузияда ұсталды

Kizdar.net ісі: халықаралық іздеудегі топ-менеджер Грузияда ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген Kizdar.net платформасының топ-менеджері Грузия аумағында ұсталды. Қазір Қазақстанның құқық қорғау органдары оны елге экстрадициялау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті халықаралық іздеуде болған.

Ведомствоның дерегіне сәйкес, Қазақстанда Kizdar.net платформасының ұйымдастырушылары мен IT әкімшілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде, топ-менеджер сайттың қызметін шетелде жалғастырған.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары Бас прокуратурамен бірлесіп, күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау бағытында қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Барлық жаңалық