Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісті деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Спортшы Instagram парақшасында бірнеше фото жариялап, өзінің тұрмысқа шығуға келісім бергенін хабарлады. Суреттерде ол қара түсті әдемі көйлек киіп, саусағындағы неке жүзігін көрсетті.
Абиба жазбасында «Мен “иә” дедім» деп қысқа ғана пікір қалдырған.
Оның таңдаған адамының кім екені әзірге белгісіз. Дегенмен, фотолардың бірінде классикалық костюм киген ер адамның сұлбасы байқалады. Ол бір қолымен спортшыны құшақтап, екінші қолында қызыл раушан гүлдерінен құралған үлкен букет ұстап тұрған.