Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясы барысында киберқылмыс жасады деген күдікпен бір азамат қолға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол шетелдік компаниялардың ақпараттық жүйелеріне заңсыз кіріп, арнайы зиянды бағдарламалар арқылы деректерді бұғаттаған деп хабарлайды ozgeris.info сайты tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдікті шифрланған ақпаратты қалпына келтіру үшін криптовалюта арқылы төлем талап еткен. Бұл – бопсалаудың жаңа түрі ретінде қарастырылып отыр.
Тергеу барысында күдіктіден кибершабуыл ұйымдастыруға арналған техникалық құрылғылар мен өзге де айғақ заттар алынды.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.