Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова қуанышты жаңалығымен бөлісті. Биыл ол алғаш рет Қазақстан қалаларында тур болып, тыңдармандарын ерекше қуантады деп хабарлайды Оzgeris.info.
Концерт Талдықорған, Өскемен, Тараз, Қызылорда, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында өтеді.
Әуелбекова жазбасында:
«Шынайы өмір мен сырлы әуезге толы кеш! Кездескенше көрермін» деп бөлісті.
Көрермендер әншінің сүйікті шығармаларын тыңдап, шығармашылығымен жақыннан танысуға мүмкіндік алады.