Белгілі продюсер Баян Алагөзова KeshYou тобының брендін сатып алуға екі мәрте ұсыныс түскенін, алайда одан үзілді-кесілді бас тартқанын айтты, ozgeris.info сайты.
Бұл туралы ол топтың 20 жылдық мерейтойына арналған деректі фильмде баяндады.
Продюсердің сөзінше, брендке қомақты қаржы ұсынылғанымен, оны сату туралы ойламаған.
«Менен екі рет KeshYou брендін сатып алғысы келді. Өте жақсы ақша ұсынды. Бірақ мен оны сата алмаймын. Қанша ақша ұсынса да, келіспеймін. KeshYou – жүрекпен жасалған бренд», – деді Баян Алагөзова.
Сондай-ақ ол KeshYou тобының 20 жылдық мерейтойлық концертін Астанада өткізу туралы ұсыныстар көп болғанын жеткізді. Дегенмен, әзірге бұл мәселеге қатысты нақты шешім қабылданбағанын айтты.
Бұдан бөлек, продюсер алдағы уақытта топтың 30, 40 және 50 жылдық мерейтойларын да атап өтуді жоспарлап отырғанын жасырмады.
Айта кетейік, бірнеше бөлімнен тұратын деректі фильмнің жаңа шығарылымында KeshYou ұжымының, музыканттардың, режиссерлердің, бишілердің, стилистердің және басқа да мамандардың мерейтойлық концертке қалай дайындалғаны көрсетілген.