Танымал жұлдызды жұп Мирас пен Құралай сүйінші жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Олардың үлкен қыздары тұрмыс құрып, ұзатылғалы жатыр.
"Кеше ғана кішкентай болып еркелеп жүрген қызымыздың бойжетіп, осындай үлкен өмірге қадам басқалы тұрғанын да байқамай қалыппыз.
Жақында екі жақ бас қосып, тәтті шайымыз өтіп, құдалармен танысып, ақ тілектер айтылып, қуанышты сәттерге куә болдық. Аллаға шүкір, бәрі өз ретімен жалғасып, қызымыздың тойы да жақындап келеді.
Алла екі жасқа бақытты ғұмыр, баянды махаббат, берекелі шаңырақ нәсіп етсін. Ақ тілектеріңіз қабыл болып, қуанышымызға ортақ болыңыздар", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншілерді құттықтап, екі жасқа бақыт тіледі.