Қоғам

"Кеше ғана жеті шахтер қаза тапқанын ұмыттыңдар ма"? Журналист блогерлердің ақшасын аңдыған шенеуніктерге шүйлікті

Журналист Асхат Ниязов елдегі нағыз мәселелерді көтеріп, шенеуніктердің салық төлемеген блогерлердің ақшасын санап отырғанына наразылық білдірді.

Ол өзінің ашық ойын Instagram парақшасында білдірді.
"Кеше ғана 7 шахтердің қаза тапқанын ұмыттыңдар ма? Ертең Парламентке ұсынылатын ҚҚС туралы да ұмыттыңдар ма? Иә, біздің шенеуніктер салық төлемеген блогерлерді аңдумен қолдары босамай жатыр. Бұл нағыз мәселе ғой", - деді ол.
Дұрыс, салық төлеу керек. Бұл мәселені салық органдары онсыз да өздері анықтап, реттей алады. Бірақ қоғамдық резонанс басқа мәселелерге керек. Мысалы, шахтерлердің еңбек қауіпсіздігін шешуге, олардың өлімін тоқтатуға, денсаулық мәселелерін реттеуге. Жоқ, оларға ең бастысы – Әлібековтің миллиардтарын санау! Біздің саясаттанушылар халық өзгенің ақшасын санағанды жақсы көретінін біледі, сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып қалғылары келді.
"Осыған байланысты менде тек бір ғана сұрақ бар. Қашан осындай тізімдер шенеуніктер бойынша жарияланады? Көріп отырмыз ғой, бұл өте оңай екен – олардың ресми табысын алып, картаға түскен қаражатпен салыстырсаң жеткілікті. Ах, иә… «Сіздер түсінбейсіздер! Бұл басқа жағдай!», - деп шүйлікті журналист.
Еске сала кетейік, мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 594 адамның табыс декларацияларында айтарлықтай сәйкессіздіктер анықталып, оларға 53,3 миллиард теңгені құрайтын салықтық міндеттемелер жүктелді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Асхат Ниязов (@asshot.inc)

Барлық жаңалық