Қоғам

“Кеңес заманынан бері жөндеу көрмеген”: Отардағы әскери бөлімнің шынайы күйі жұртты шошытты (ВИДЕО)

“Кеңес заманынан бері жөндеу көрмеген”: Отардағы әскери бөлімнің шынайы күйі жұртты шошытты (ВИДЕО)

Жамбыл облысы, Отар әскери бөлімге барған журналистер бірқатар проблемаларды анықтады деп хабарлайды Оzgeris.info.Репортаж барысында бөлімнің душ бөлмелері жарамсыз күйде екені белгілі болды: кей жерлерінің қабырғасы құлап, ыстық су мүлде жоқ, ал су қысымы жеткіліксіз. Көрініс әлі күнге дейін кеңес заманынан бері жөндеу көрмегендей әсер қалдырады.

 

Әскерилердің айтуынша, душқа кезекке тұру кейде бір сағатқа дейін созылады.Сонымен бірге әскерге жіберу тәртібіне қатысты да шағым көп. Тұрғындар

 

«Астанада тіркеуде болсаң Отарға, ал Қарағандыда тіркелгендер Астанаға жіберіледі»,– деген түсініксіз жүйеге наразылық білдіріп отыр.

 

Қоғам белсенділері әскери бөлімдегі жағдайға байланысты шұғыл тексеріс жүргізуді талап етуде.


 

 

Барлық жаңалық