Танымал әнші Роза Рымбаева махаббат үшін қандай құрбандыққа барғанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бұл туралы ол "Бақыт құшағында" фильмінің жабық көрсетілімінде айтты.
"Махаббат үшін құрбандыққа бармай-ақ сол махаббатпен өмір сүріп жатырмын. Бақыттымын. Менің өмірдегі ең бірінші махаббатым - екі ұлым, немерем. Сондықтан мен бақытты анамын", - деп жауап берді Роза Рымбаева.
"Келінді жақсы көрмейсіз бе?", "Екі ұлым, немерем дейді. Келіні ше?", "Түріне не болған?", "Керемет әнші", "Бақытты әже бола беріңіз", деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.