Жаңалықтар

Kaspi.kz басқа банктерге аударым шарттарын жаңартты

Kaspi.kz басқа банктерге аударым шарттарын жаңартты

Kaspi.kz банкі басқа банктерге ақша аудару шарттарын жаңартты. Енді кейбір клиенттер үшін комиссия тек аударым сомасына ғана емес, картаға түсетін кірістерге де байланысты болады деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Жаңартылған ережелер 2026 жылдың наурыз айынан бастап күшіне енді және Қазақстан ішіндегі, сондай-ақ халықаралық аударымдарға қатысты.

Kaspi жүйесінің ішінде өзгеріс жоқ: Kaspi Gold карталары арасында аударымдар бұрынғыдай тегін. Сондай-ақ басқа банктерден Kaspi Gold картасын толықтыру да комиссиясыз жүзеге асады (бірақ жіберуші банк өз комиссиясын алуы мүмкін).

Ал Kaspi Gold-тен басқа банктердің карталарына ақша жібергенде 0,95% комиссия алынады (кемінде 200 теңге).

Дегенмен, тұрақты табыс (жалақы, төлемдер) түсетін клиенттер үшін жеңілдік қарастырылған. Олар үшін аударым құны 149 теңге болып бекітілген.

Халықаралық аударымдар да осы тариф бойынша жүзеге асады — 0,95% (кемінде 200 теңге). Бір операция үшін лимит 2500 доллар, ал айлық шектеу — 10 000 доллар.

Kaspi сондай-ақ аударымдар кейде бірден түспеуі мүмкін екенін ескертті. Қаражат 3 жұмыс күніне дейін кешігіп жетуі ықтимал.

Бұдан бөлек, қосымшада жаңа қызметтер пайда болды. Олардың қатарында көліктің техпаспортын өзгерту және «Сенімді контакт» функциясы бар. Бұл сервис арқылы жақындарыңыз қаржылық күмәнді әрекеттерді бақылап отыра алады.

Барлық жаңалық