Маңғыстау облысы

Каспий теңізінен үлкен қара дақ анықталды

16 тамыз күні Каспий теңізінде ірі көлемдегі ластану дерегі анықталды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

“Мөлдір әлем” экологиялық жобасының мамандары Sentinel-1A спутниктік түсірілімінен су бетінде аумағы шамамен 82 шаршы шақырымды құрайтын қара дақты байқаған. Сарапшылардың пайымынша, ол мұнай төгіндісі не балық шаруашылығынан қалған қалдықтар болуы мүмкін.

 

Ластаушы із Қазақстанның Құрық порты мен Әзірбайжанның Баку қаласы арасындағы кеме қатынасы бағытына сәйкес созылып жатыр.

 

“Бұл жай ғана кездейсоқ төгінді емес, Каспий картасында пайда болған үлкен қара таңбаға айналды”, – дейді экологиялық зерттеулермен айналысатын Transparent World ұйымы.

 

Мамандардың айтуынша, мұндай шығарындылар қайталана берсе, теңіз экожүйесі үшін орны толмас зардаптарға әкелуі ықтимал.

Барлық жаңалық