Америкалық рэпер YE, яғни Канье Уэст Алматыға келді. Әуежайда танымал әртісті ұлттық дәстүрге сай қарсы алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әлеуметтік желіде рэпердің Қазақстанға келген сәтінен түсірілген видео тарады.
"Әуежайда музыкантты дәстүрлі билермен, сусындармен және жылы қонақжайлылықпен қарсы алды. Әртіске шынайы қазақы қарсы алу ұйымдастырылып, оны елдің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстырды", – деп хабарлады басылым.
Айта кетейік, бұған дейін америкалық рэпер Канье Уэсттің Қазақстанда алғаш рет концерт беретіні хабарланған болатын.