Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қызылордада кәмелетке толмаған оқушы қыздың сексуалдық құлдыққа тартылуына байланысты екі қылмыстық іс тергеліп жатыр деп хабарлайды ozgeris.info сайты stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беру кезінде айтты.Әділовтың сөзінше, ол өткен аптада Қызылорда облысына іссапармен барып, істің тергелу барысымен танысқан.
– Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде: жауап алу, беттестіру және өзге де шаралар. Тергеу мұқият әрі егжей-тегжейлі жүргізілуде. Бұл істі министрлік ерекше бақылауда ұстап отыр. Кәмелетке толмаған қыздың қызметін пайдаланған тұлғаларға қатысты процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деді ол.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта нақты күдіктілердің әлі анықталмағанын атап өтті. Тергеліп жатқан адамдар әзірге куәгер ретінде қарастырылып отыр, бірақ олардың қорғану құқығы бар екені де айтылды.
Еске салсақ, 2023 жылдың қыркүйегінде полиция аталған істі тергеп, қызды зорлаған және “клиент” болған адамдардың тұлғасын анықтау үшін тексеру жүргізетінін хабарлаған еді. Кейінірек Санжар Әділов бұл факт бойынша тағы екі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.
2024 жылдың тамыз айында жәбірленушінің анасы қызын сыныптастары мен олардың туыстары есірткіге тәуелді етіп, күшпен ұстап, ақша бопсалағанын және жезөкшелікпен айналысуға зорлағанын ашық айтқан. Қыз сондай-ақ қорлық көріп, соққыға жығылған.
Бұл оқиға бойынша Қызылорда қалалық соты бірнеше айыпталушыға үкім шығарып, оларды кәмелетке толмағанды азаптау, жезөкшелікке тарту және бопсалау баптары бойынша кінәлі деп таныған. 2024 жылдың маусым айында облыстық сот апелляциялық шағымдарды қарастырып, алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Жалпы тоғыз адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.