Алматыда өзін ұстаз деп таныстырып, желіде адамдарды сиырға теңеген Нұржан Смағұлов әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Алматы қаласының дін істері жөніндегі басқармасы азаматтарды қорлайтын материал таратқан блогерге қатысты хаттама толтырды. Ол Instagram желісінде жұрттың намысына тиетін пікір айтып, оларды сиырмен салыстырған.
Бұл факті бойынша дін істері басқармасының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490 бабына сәйкес іс қозғады. Сот шешімімен Нұржан Смағұлов кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жаза тағайындалды.
«Сот шешімімен Нұржан Смағұлов әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 108 125 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды», - деп хабарлады басқарма өкілдері.