Қазақстандық әнші ADAM-ның өнері әлемдік кеңістікті бағындыруын жалғастыруда. Бұл жолы голливудтық азулы актер, көпшілікке Дон Ли есімімен де танымал Ма Дон Сок қазақстандық орындаушының туындысына дән риза екенін аңғартты деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Әлемдік кино жұлдызы өзінің тікелей эфирінде ADAM-ның халықаралық хитке айналған «Zhurek» әнін тыңдап, жанкүйерлерін таңғалдырды. Актер әннің ырғағына ерекше ықылас танытып қана қоймай, орындаушының есімін де арнайы атап өткен. Бұл сәт қазақ мәдениетінің шекара танымайтын деңгейге көтерілгенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Айта кетейік, ADAM-ның аталған туындысы бұған дейін де Азия елдерінің музыкалық чарттарында көш бастап, әлеуметтік желілерде рекордтық көрілім жинаған болатын. Енді, міне, әлемдік кино индустриясының майталманы бұл әнді өз таңдауларының қатарына қосты. Желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты жаппай мақтау пікірлерін жазып, отандасымыздың жетістігіне сүйсініп жатыр.
«Жүректен шыққан туынды Голливуд төріне де жетті» деп жазады тыңдармандар. Қазақстандық музыка индустриясы үшін бұл — үлкен серпін мен мақтаныш. Актер мен әншінің мұндай «сырттай тандемі» қазақ тіліндегі әндердің әлемдік танымалдылығын жаңа биікке көтергендей болды.