Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдерге арнап жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол өзінің ішкі дауысын әнмен жеткізген.
"Менің бұл жазбам - біреудің өмірінен хайп табу немесе біреудің өліміне айып тағу емес. Мен жылағанда ел жұбатты, ел жылағанда мен жұбатпаймын ба?
Мақсат керіс те, жеңіс те емес. Жанымның ауырып, жүрегімнің сыздап отырғаны - ана баласыз қалды, сәби анасыз қалды, бір жүректің соғуы тиылды, бір гүлдің тамыры қиылды…
Ана жүректегі жарақатты ешкім өшіре алмайды, солған гүлді ешкім қайта өсіре алмайды, қоғам қатігездікті кешіре алмайды…", деді ол.