Денсаулық

Жұқпалы індетке шалдыққан 409 адамның жағдайы ауыр

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 25 маусымдағы ақпаратты таратты.

25 маусымдағы мәлімет бойынша 22 325 адам коронавирус инфекциясынан (21 025 КВИ+ және 1 300 КВИ-) емделуде, олардың ішінде - 6 738 пациент стационарда,  - 15 587 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: - 409 адамның жағдайы ауыр, - 104 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 68 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. BAQ.KZ
Барлық жаңалық