Шоу-бизнес

Жұлдыз Әбдукәрімова: «Балаларымды әкелеріне қалдырдым»

Актриса әрі көпбалалы ана Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында Жапонияға ұшып кеткенін хабарлайды Оzgeris.info. Оның айтуынша, бұл жұмыс бабындағы іссапар.

 

Белгілі өнер иесі сапар алдында өз жазбасында концерттен кейін бірден жолға шыққанын, ал бұл сапардың көптен жоспарланғанын айтты.


«Келесі күні таңертең ұшу керек болды. Демалуға уақыт та болмады», — деп жазды ол.

 

Желі қолданушылары актрисаның жазбасына белсенді пікір қалдырып, «Балаларыңызға кім қарайды?»,«Бала шаға қайда?» деген сұрақты жиі қойған. Бұған Жұлдыз сабырмен:

 

«Балаларымды әкелеріне қалдырып бара жатырмын.», — деп жауап берді.

 

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдукәрімова жуырда ғана бесінші сәбиін өмірге әкеліп, көпбалалы ана атанған болатын. Қазір ол шығармашылық жұмысын қайта жалғастырып, жаңа жобаларға қатысып жүр.

 

 

Барлық жаңалық