Үндістанда ColdRif жөтел сиропын ішкеннен кейін бес жасқа дейінгі 17 бала қаза тапты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Madeniportal.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Мадхья-Прадеш штатында тіркелген. Полиция улы сиропты шығарған Sresan Pharmaceutical компаниясының иесін тұтқындады.Зерттеу нәтижесінде сироптың құрамынан өте қауіпті диэтиленгликоль табылған. Оның мөлшері рұқсат етілген нормадан 500 есе жоғары болған. Бұл зат адам ағзасына аса улы әсер етеді.
Қазіргі таңда ColdRif сиропының сатылымы Үндістанның бірнеше аймағында тоқтатылды.Компания басшысы қамауға алынды.
Бұл трагедия үнді дәрі-дәрмектеріне деген сенімге үлкен соққы берді. Көпшілік бұған дейін Гамбия, Өзбекстан және Камерунда балалардың дәл осындай үнді сироптарынан қаза тапқан оқиғаларын еске алды.
Айта кетейік, Үндістан – әлемдегі ең ірі дәрі-дәрмек өндіруші елдердің бірі. Ол бұл салада АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші орында тұр.