Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтады, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, өз әрекетін бейнежазбаға түсірген. Аталған видео әлеуметтік желіде жарияланған.
Полиция қызметкерлері көлік құралының иесін анықтап, азамат А.-ны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бабы бойынша жауапқа тартылды.
Жүргізушіге көлік құралын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзғаны, жол белгілері мен жолақ сызықтарының талаптарын сақтамағаны, сондай-ақ жолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін айыппұл салынды.
Полиция өкілдері жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салды. Сондай-ақ жолдардың әзіл-қалжың немесе жарнамалық түсірілімдер жасауға арналмағанын атап өтті.