🏛️ Саясат

«Жоғары мәртебелі Тоқаев мырза!»: Мәскеу Қазақстан президентін қалай қарсы алды

«Жоғары мәртебелі Тоқаев мырза!»: Мәскеу Қазақстан президентін қалай қарсы алды

Мәскеу көшелері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына орай безендірілді, деп хабарлайды ozgeris.info

«Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, Ресей Федерациясына қош келдіңіз!» деген қазақ және орыс тілдерінде жазылған үлкен баннер ілініп тұрды. 

Сондай-ақ Қазақстанның көк Туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр. Қаладағы көрікті жерлердің бірі - Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді.

Внуково-2 әуежайында мәртебелі мейманның келуіне орай Мәскеу гарнизонының құрмет қарауылы мен әскери үрмелі оркестрі сап түзеді.

Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуров пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
 
Бүгін Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаевты  осылай қарсы алды.
Барлық жаңалық