Шымкент қаласы

«Жина қолыңды»: Шымкентте бейтаныс әйелдің батыл қадамы жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

«Жина қолыңды»: Шымкентте бейтаныс әйелдің батыл қадамы жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

Шымкент қаласында ер адамның көшеде әйеліне қол көтерген сәті түсірілген видео әлеуметтік желіге тарады деп жазады Оzgeris.info. Желі қолданушыларын дүр сілкіндірген роликте жанжалға куә болған бейтаныс әйел дереу араша түсіп, ер азаматқа қатты ескерту жасағаны көрінеді.

 

Видео кадрларында ол ер адамға: «Әйелді ұрма, қолыңды жина!» деп қатқыл түрде тоқтау салуға тырысады.Оқиға қоғамда қызу талқыланып, көпшілік куәгер әйелдің әрекетін қолдап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейжай қарамау керегін атап өтті.

 

Жарияланымнан кейін полиция жұбайларды анықтап, бөлімшеге жеткізген. Құқық қорғау органдарының ресми мәліметінше, бұл тұрмыстық жанжал. Әйел арыз жазудан бас тартқанымен, тәртіп сақшылары ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, қамауға алған. Сонымен қатар, оларға қорғау нұсқамасы да шығарылған.

 

Барлық жаңалық