🤖 Digital

ЖИ жарысында Қырғызстан да бар

ЖИ жарысында Қырғызстан да бар

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров жасанды интеллектіні дамыту енді жай технологиялық тренд емес, мемлекет қауіпсіздігі мен экономикалық тәуелсіздігіне тікелей әсер ететін стратегиялық бағытқа айналғанын айтты, деп жазады Ozgeris.info.

Оның сөзінше, Қырғызстан жасанды интеллектіні фискалдық жүйеге, алаяқтық әрекеттерді анықтауға және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласына кезең-кезеңімен енгізіп жатыр. Қырғызстан Президенті цифрлық тәуелсіздік мәселесіне ерекше тоқталды.

«Өз деректерін басқаратын ел – өз болашағын да басқарады. Ал сыртқы инфрақұрылымға, алгоритмдер мен жүйелерге тәуелді мемлекет осал күйде қалады», деді Садыр Жапаров.

Оның айтуынша, Қырғызстан ұлттық жасанды интеллект шешімдерін дамытуға басымдық бермек. Сонымен қатар ол Еуразиялық экономикалық одақ елдерін ортақ цифрлық кеңістік қалыптастыруға шақырды.

«Егер бірлескен модельдер әзірлеп, ортақ есептеу қуаттары мен деректер орталықтарын құруға күш жұмылдырсақ, біз тек технология тұтынушысы емес, жаһандық цифрлық күн тәртібін қалыптастыратын тең құқылы тарапқа айнала аламыз», деді Қырғызстан басшысы.

 

Барлық жаңалық