Жаңалықтар

Жезқазғанда автобусқа соғылған жүргізуші оқиға орнында қаза тапты (ВИДЕО)

Жезқазғанда автобусқа соғылған жүргізуші оқиға орнында қаза тапты (ВИДЕО)

Жезқазғанда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды  Ozgeris.info сайты.

Жол апаты 26 мамырға қараған түні шамамен сағат 00:10 кезінде Сарыарқа және Абай көшелерінің қиылысында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік бағдаршам алдында тоқтап тұрған автобустың артқы бөлігіне соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмған.

Сондай-ақ көліктегі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға кезінде автобуста 11 жолаушы болған. Абырой болғанда, олардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалық