Жетісу облысы

Жетісу облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Жетісу облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Жетісу облысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам көз жұмды. Бұл туралы Оzgeris.info сайты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

 

Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Ақсу ауданында, «Көшкентал – Қапал» автожолының 4-шақырымында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлік соқтығысқан.

 

Жол апаты туралы хабар түскен бойда оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы жіберіліп, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілуде. Апат салдарынан 5 адам оқиға орнында қаза тапқан. Сонымен қатар, екі жолаушы әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілуде.

 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылып жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

 

Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

Барлық жаңалық