Шоу-бизнес

«Жесір әйел деп басынғаны ма?»: Мақпал Жүнісова бір топ еркекке ренішін білдірді

«Жесір әйел деп басынғаны ма?»: Мақпал Жүнісова бір топ еркекке ренішін білдірді

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында өзінің ренішін білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Ол үйін қомақты қаржыға жөндеткен. Алайда біраз уақыт өтпей жатып үйдің қасбеті опырылып түскен. 

"Мынау менің жөндеу жұмыстарымнан 1 жыл да өткен жоқ. Құрылысшылардың жасап кеткені. Өзіміздің қазақтың жігіттері. 55 миллион ақша алды. 4 ай миымды шірітіп, оларға тамақ беріп, ақшасын төлеп, киіз үйде жатты. Енді үйдің жан-жағының барлығы түсіп жатыр. Қалай осылай жұмыс жасауға болады? Мына жақты түсіп жатыр. Не деген сұмдық? Еркегі жоқ, жесір әйел деп басынғаны ма? Мен ол бригадирді білемін. Бірақ онымен соттасып жүретін менің уақытым жоқ. Жалпы халық білсін деп көрсетіп отырмын. Барлығы түсіп жатыр. Мынаның астын дұрыс жасамаған. Бәрі ілініп тұр. Қалай жыламайсың? Әттең, Зәкең жоқ. Бастарын жұлып алатын еді", - деді өнер иесі. 

Барлық жаңалық