Шоу-бизнес

"Жеңешеміз бе": Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі белгісіз біреумен көзге түсті (ВИДЕО)

"Жеңешеміз бе": Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі белгісіз біреумен көзге түсті (ВИДЕО)

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев әлеуметтік желіде бейтаныс арумен түскен видеосын жариялап, оқырмандарының қызу талқысына себеп болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Дархан Мұсаев жариялаған видеода мейрамханада белгісіз қызбен әңгімелесіп отырған сәті көрсетілген.

Жазбаның астына ол: «Бәрі ерекше…» деген қысқа жазба қалдырған.

Желі қолданушылары видеоны бірден қызу талқылап, көпшілігі Дарханға жаңа қарым-қатынас тілеп, жылы лебіздерін білдірді. 

«Бақытты бол, братан!», «Бақытты бол жұбыңды тауып», «Әп, берекелді! Оң болсын!», «Бақытты болыңыздар», деген пікірлер көптеп жазылған.

Алайда пікір білдірушілердің бір бөлігі видеодағы бойжеткенді актриса Құндыз Бадықовамен байланыстырып, түрлі болжам жасай бастады. 

«Осы кісіге бір жақсы, адал жар кездессін екен. Құндыз емес, басқа қыз керек. Құндыздың мінезі онша емес», «Мына қыз Бадықовадан артық емес, мінезі нашар», «Құндыз деген кім?» деген пікірлер де жарияланды. Сонымен қатар, кейбір оқырмандар мұндай болжам жасауға асықпауға шақырып, «Неге Құндыз, Құндыз дейсіңдер? Бұл кісіге басқа қыз болуы мүмкін ғой», деген пікір қалдырған.

Айта кетейік, Дархан Мұсаев пен Дариға Бадықова бұған дейін ресми түрде ажырасқанын растаған болатын. Бұрынғы жұптың жеке өмірі әлеуметтік желі қолданушыларының назарынан тыс қалған емес.

Барлық жаңалық