Жаңалықтар

Желіде дипломын жыртқан түлек халықтан кешірім сұрады

Желіде дипломын жыртқан түлек халықтан кешірім сұрады

Әлеуметтік желіде диплом тапсыру рәсімі кезінде құжатын жыртқан ICB колледжінің студенті Дәулет Абдрахман ресми түрде кешірім сұрады. Ол көпшіліктің сынына ұшыраған бейнежазбаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Түлек өз мәлімдемесінде колледж ұжымынан, оқытушылардан, Білім басқармасынан және жалпы халықтан ғафу өтінді. Оның айтуынша, бұл әрекеттің астарында білім ордасына немесе оның құндылықтарына құрметсіздік көрсету ниеті болмаған.

Студент жұртты дүрліктірген видеодағы құжаттың түпнұсқа емес екенін жеткізді. Ол бұл көрініс үшін дипломның көшірмесін алдын ала арнайы дайындап әкелгенін айтты.

"Ресми дипломға ешқандай зиян келтірілген жоқ. Менің әрекетімде ешқандай жаман ниет болмады. Болған жағдайға шын жүректен өкінемін және мұндай оқиғаның енді қайталанбайтынына уәде беремін", – деді Дәулет Абдрахман.

Барлық жаңалық