Жетісу облысы

Жаркентте әкесі кішкентай қызына темекі ұсынған

Желіде Жетісу облысының Жаркент қаласындағы стадионда түсірілген бейнежазба тарады. Онда ересек ер адамның қолындағы тұтанып тұрған темекіні кішкентай қызға ұсынғаны көрінеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Бейнеролик авторының айтуынша, ер адам екі баламен бірге стадионға келген. Белгілі бір сәтте ол темекі тұтатып, жанындағы кішкентай қыз қолын созғанда тоқтатпай, темекіні ұстауына мүмкіндік берген.

 

Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушыларының ашу-ызасын туғызды. Көпшілік мұндай әрекетті «жауапсыздық» әрі «баланың өміріне қауіп төндіру» деп бағалады.

 

Жетісу облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Олар бейнежазбадағы ер адамды анықтап, ұстағанын хабарлады. Оның қыздың туған әкесі екені белгілі болды.

 

«Әкенің мұндай әрекеті – ата-аналық міндетін өрескел елемеу әрі баланың денсаулығына қауіп төндіру. Ол бала құқығын қорғау мен тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін, сондай-ақ қоғамдық жерде темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді ведомство өкілдері.

 

Сонымен қатар, әкесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Барлық жаңалық