Қоғам

Жапониялық 61 жастағы әйел қазақ әнін домбырада орындап, көпшілікті тәнті етті

Жапониялық 61 жастағы әйел қазақ әнін домбырада орындап, көпшілікті тәнті етті

Әлеуметтік желіде 61 жастағы жапониялық әйелдің домбырада қазақтың «Ақбұлақ» әнін орындаған видеосы көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Видеода жапон әйелі қазақтың ұлттық нақышындағы киім киіп, көрермендерге қазақ тілінде таныстырады. Ол белгілі қазақ ақыны, композитор әрі драматург Бәкір Тәжібаевтың «Ақбұлақ» әнін домбырамен орындаған.

Шетелдік өнерпаздың қазақ тіліндегі әнді орындауы қазақстандықтардың ерекше ықыласына бөленді. Желі қолданушылары оның орындаушылық шеберлігіне жоғары баға беріп, жылы пікірлер қалдырған.

«Қазақ әнін шетелдік азаматтың орындағаны қандай қуаныш», «Браво! Керемет айтылған», «Музыканың шекарасы жоқ», «Қазақ мәдениетіне деген құрметі көрініп тұр» деген пікірлер жазылған.

Барлық жаңалық