Өткен түнде елордада Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қайтыс болды. Полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасаған ozgeris.info.
Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Алдын ала анықталған мәлімет бойынша бұрыннан таныс тұлғалар арасында жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан. Алған жарақатының салдарынан 56 жастағы ер адам қайтыс болды", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұған дейін желіде Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол 2019-2022 жылдар аралығында қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған.