Маңғыстау облысы

Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігерді пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігерді пышақтап өлтірді

Маңғыстау облысында медицина қызметкеріне қатысты адам өлімімен аяқталған қылмыс тіркелді. Оқиға 28 қаңтар күні медициналық мекеменің дәлізінде болған деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Lada.kz сайтына сілтемемен.

 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, екі ер адам арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық сипаттағы келіспеушіліктен туындаған. Күдікті азамат дәрігерге пышақпен шабуыл жасап, алған жарақат салдарынан 29 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған.

 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған.

 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалық