Жаңа Конституция жобасында сыбайлас жемқорлық қылмысы немесе құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәсі сот арқылы дәлелденген азаматтардың депутаттыққа және өзге де сайланбалы лауазымдарға кандидат ретінде қатысуына тыйым салу көзделген деп хабарлайды Оzgeris.info.
Құжатқа сәйкес, өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар Қазақстан азаматтары, сондай-ақ коррупциялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғалар сайлауға қатыса алмайды және мемлекеттік биліктің сайланбалы органдарына үміткер болу құқығынан айырылады.
Сонымен қатар, бұл шектеу сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтарға да қолданылады.
Аталған норма жаңа Конституция жобасы аясында мемлекеттік билікке адалдық пен жауапкершілікті арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы сенімді нығайтуға бағытталған.