Көкшетау әкімі Ануар Құмпекеев әкімдікте өткен жиналыста қаланы Жаңа жылға дайындау жоспарын қатты сынға алды деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.
Әкімнің сөзіне қарағанда, берілген тапсырмалардың көп бөлігі орындалмаған. Жасаған жұмыстар болса да, тек презентацияда көрініс тапқан, ал нақты іске асырылуына ешкім жауап бермеген.
Ең көп сын қаланың бас сәулетшісі Айнұр Танқыбаевқа түсті. Ол әкімді слайдтағы көріністердің өмірде де жүзеге асатынына сендіре алмады.
Ануар Құмпекеев кәсіпкерлерді қала әсемдігіне үлес қосуға және тұрғындарға Жаңа жыл көңіл-күйін сыйлауға шақырды.